Қоғам 27.12.2017 сағат 03:58

Баян Алагөзованың қызы Төреғали Төреәлі жайлы: Өз балаларыңызды тәрбиелеп алыңыздар

Кешегі аптаның соңында Павлодарда концерт беремін деп басы дауда қалған танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты пікір айтпаған жан кемде-кем. Сахнаға шығып, тыңдармандарын балағаттаған әншіні жұрт жерден алып, жерге салып жатқанда, Баян Алагөзованың (экс-Есентаева) қызы Айсәуле Бақытбек жұртты Қазақстандағы өзге де проблемаларға назар аударуға шақырды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Instagram-парақшасындағы жазбасында Айсәуле сондай-ақ Байзақова барына да қатысты өз ойын жазған.

"Байзақованы қамады, Төреғали ішіп алып, қуды. Бәрі жақсы ғой. Біздің елде 50 000 теңгеге шешінетін бикештерге немесе өз тыңдармандарын құрметтемейтін әншіден басқа маңызды проблемалар бар, әлде жоқ па? Өз балаларыңызды жақсылап тәрбиелеп алыңыздар, сонда бәрі жақсы болып өседі", - деп жазды Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Павлодардағы концерттен соң көрерменге дөрекі сөйлеген Төреғалиды көпшілік сын астына алған болатын. Тіпті, бірқатар отандық радиолар оның әндерін эфирден де алдырып тастады. Ал, Павлодар облысының әкімдігі бұдан кейін Төреғали Төреәліні концерттерге шақырмайтынын ресми мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, қазақ қоғамы қазір 50 мың теңгеге қыз шешіндірген 22 жастағы блогер Айжан Байзақованы да қызу талқылап жатыр. Белсенділер оның бұл әрекетіне нарызылық танытқан соң полиция блогерді 3 тәулікке қамап тастады.


Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар