$ 498.34  519.72  4.85

Әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс – Дариға Назарбаева

Сенатор Дариға Назарбаева Қазақстанда әр әкімнің тікұшағы болуы тиіс деп болжады.  

 "Қазір біз міне Eurocopter өндірісінде қонақтамыз. Ары қарай да оның дамуын көрсету керек. Себебі, қазақстандықтар осы тікұшақтардың қаншалықты пайдалы екендігінен толық қанды мәліметті хабардар емес болуы мүмкін. Санитарлық авиация дамуы тиіс. Әр әкімнің осындай тікұшағы болуы тиіс, әсіресе, ауылшаруашылық қожалықпен айналысатындар үшін. 500 шақырым жерді көлікпен аралап шығу өте қиын. Ал тікұшақпен екі-үш сағат ұшып, барлығын көруге болады. Бұл жұмысты жеңілдетер еді. Ал үлкен қалаларды, кептелістің салдарынан жолда тұрып қалып жататын кездер де болады", – деді Дариға Назарбаева "Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС зауытына барған сапарында. 

 "Шетелдік үлкен қалаларда аэротакси қызметі бар және бұл өте тиімді. Осы орайда болашақта біздің экономикамыз осыны көтере алатынын болжауға болады. Осындай өндірісті біз қолдап, дамытуымыз қажет", –  деді депутат. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің сайтында "Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС ТМД аумағындағы елдерде ЕС145 тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсететін жалғыз зауыт екені жазылған. Жобаның 50 пайызы "Қазақстан инжинирг" ҰҚ" АҚ-ға тиесілі, ал қалған жартысы Airbus Helicopters концернінің меншігінде. 


Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары