$ 448.15  483.46  4.86

Оралда 30 жастағы жігіт 5-қабаттың терезесінен секіріп тірі қалды (ВИДЕО)

Желіде көпқабатты тұрғынүйдің 5-қабатынан секіріп кеткен ер адамның видеосы таралып кетті деп жазады «Мой ГОРОД».

Ер адам жатақхананың 5-қабатынан секіріп, «Строй дом» дүкенінің төбесіне құлаған. Оқиға 27 желтоқсан күні кешкі сағат 8-де болыпты.

"Шатырдың үстіне бір ауыр заттың түскенін естідік. Шығып қарасақ онда жедел жәрдем көлігі зардап шеккен ер адамды алып бара жатыр екен. Сол маңда жүрген адамдар, полиция қызметкерлері жігіттен секірмеуін сұрапты", – деді дүкен сатушысы.

Жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Гүлнар Жұмағалиева Облыстық ауруханаға жеткізілген ер адамның жасы шамамен 30-да екенін айтқан.

"Денсаулығы орташа жағдайда. Жарақаттар алған. Бұл туралы жедел жәрдем пультіне сағат 20.00-де хабарланды", – деді Гүлнар Жұмағалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары