$ 444.22  476.38  4.82

БҚО-да педофил 4-сынып оқушысын зорлап кетті

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы ауылдардың бірінде тоғыз жасар қызды зорлап кетті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға 23 желтоқсанда түнде болған. Қызды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. 

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімі «Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптама жасалады. Оқиғаның мән-жайы туралы басқа ақпарат жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары