Нью-Йоркте алапат өрт болып, 12 адам қаза тапты. Олардың ішінде балалар да бар. Бұл туралы қала мэрі Билл Де Блазио оқиға орнында болған баспасөз-конференциясы барысында мәлімдеді деп жазады РИА Новости.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқан адамдардың саны өсіп жатыр. Қала мэрі дәл қазір 4 адамның аухуханада ауыр жағдайда екенін айтты.
Қалалық Өрт департаментінің басшысы Дэниэла Найгро өрттен қаза тапқан балалардың ең кішкентайы 1 жаста, ал ең үлкені 50 жастан асқанын айтты.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, өрт бес қабатты үйде шамамен кешкі сағат 7-де басталған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетіп, 150-ден аса адамды құтқарған.
"Қаза тапқан тұрғындар түрлі қабатта тұратын адамдар", – деді Найгро.
Осы орайда қала мэрі Билл Де Блазио тілсіз жаудың 25 жылда болған ең сұмдық өрт екенін айтты.