$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде тағы бір автобус жаяу жүргіншілерді қағып, 2 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Мәскеудегі Сходненская көшесінің бойында солтүстік-батысқа қарай бағыт алған қоғамдық көлік жолдан шығып кетті деп жазады РИА Новости.

Автобус бір топ адамды қағып кеткен.

Мәскеудің ІІД Басқармасының мәліметінше, 2 адам қайтыс болған және апаттан зардап шеккендер бар. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Автобус жүргізушісі ұсталды. Ол тізгінге ие бола алмай қалғанын айтып отыр. Өзге көлікке соқтығыспау үшін тізгінді алдамаға қарау бұрғанын мәлімдепті.

Полицейлер жүргізушінің өте тәжірибелі екенін айтып отыр. Ол 1960 жылғы азамат екен. Жүргізуші куәлігінің барлық санаты бар. Бір қызығы, ол соңғы 3 жылда бір де бір рет жол ережесін бұзбаған.

Полиция өкілдері дәл қазір жол көлік оқиғасы болған жерде апаттың себеп-салдарын тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары