$ 444.22  476.38  4.82

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде орнатылған шырша шуға ұласты (ВИДЕО)

Астанадағы «Әзірет сұлтан» мешітіндегі намаз оқитын жерге орналасқан шыршаны көргендер наразылықтарын білдіріп жатыр. Алла үйіндегі бұл көріністі олар ұялы телефондарына түсіріп, WhatsApp мессенджері арқылы таратып жіберген.

Желі қолданушылары шыршаның ислам дінін насихаттайтын орынға қойылуы дұрыс емес екенін алға тартады.

Ал, «Әзірет Сұлтан» мешітінің дін қызметкерлері бұл шыршаның жаңа жылға ешқандай қатысы жоқ екенін, тек сәндік мақсатта қойылған гүл екенін айтты.

«Бір жұмада 14 мың адам келеді мешітке. Шырша қанша айдан бері тұрды осы жерде. Қанша ай өтсе де ешкім үндеген жоқ. Енді Жаңа жылға қарсы көріп, видеоға түсіріпті. Біз оны мерекелеу үшін қойғанымыз жоқ. Істен шыққан фонтан болатын бұл орында. Мешіттің ұсқынын кетірмесін сол фонтанның орнына әкеліп қойғанбыз шыршаны. Бірақ қазір алып тастадық», – деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Фархад Исаұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары