2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пойыздардың жүру кестесі өзгерді деп мәлімдеді “Түркісіб Астана” жеке тасымалдау компаниясы.
“2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пойыздардың жүру кестесі өзгереді. Толық ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама бөліміне немесе “105” бірыңғай анықтама қызметіне хабарласыңыздар, қала нөмірлерінен қоңырау шалу тегін”, — деп мәлімдеді “Түркісіб Астана” жеке тасымалдау компаниясы.
Пойыздардың жүру кестесімен “Жолаушылар тасымалы” АҚ сайтынан көруге болады.