The эфир жобасына сұхбат берген танымал блогер, атышулы «Zakova» түнгі клубының иесі Айжан Байзақова өзінің баянсыз махаббаты үшін кек алып жүргенін айтты.
«Мен бала кезімнен бұзық болдым. Достарым аз болды. Көбіне ұл балалармен араласатын едім. Анам 6 жасымда таэквондоға берді. Ер бала сияқты өстім. Университетте оқып жүрген кезімде темекі шекпейтінмін. Көңіл көтеретін орындарға бармайтынмын. Бірақ мұғалімдер мені жақтырмайтын. Себебі, мен өз ойымды ашық айтып отыратынмын. Ал, бұл оқытушыларға ұнамайтын», – дейді Байзақова.
Ол сондай-ақ, сұхбат барысында өміріндегі махаббаты жайлы да айтып қалды.
«Бақытсыз махаббат болды өмірімде. Сол үшін еркектерден кек алып жүрмін», – деп жалғады ол сөзін.
Байзақова қамауда болған 3 күн бос кетпегенін айтып берді.
«Сол уақыт аралығында 3 бірдей кітапты оқып тастадым. Ешкім зорлық-зомбылық көрсетпеді. Қайта өзіме пайдалы іспен айналыстым», – дейді блогер.
Еске салайық, осылан бірнеше күн бұрын «Zakova» барында 50 мың теңге үшін шешінген қыздың видеосы әлеуметтік желіге тез таралып кеткен болатын. Артынша бұл оқиға қызу талқыға түсті. Тіпті, бірнеше жігіт осыған қатысты «Намысымызды таптатпайық!» деген сарында видеоүндеу де жолдаған.