Пышақ жарақатын алған жеткіншек ауруханаға кешегі жексенбіде түскен. Мұны Қостанай қалалық балалар ауруханасының дәрігерлер де растап отыр деп жазады «Костанайские новости» басылымы.
«Шұғыл түрде ота жасалды. Кеудесі, қарны мен бауырының сол жақ бөлігі жарақаттанған. Ішіне көп қан кеткен. Орташа дәрежедегі анемия. Шошынған», – деді аурухананың бас дәрігері Игорь Белобржицкий.
Қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бір қалыпты. Дегенмен, дәрігерлер жарақаттың өте ауыр екенін айтады.
Басылым мәліметінше, анасы қызын пышақтау кезінде спирттік ішімдік ішкен. Оны полиция қызметкерлері қолға түсіріпті. Қазір тергеп жатыр.