Талантты әнші, сүйікті жар, ибалы келін, аяулы ана ретінде көпке үлгі болған әнші Жазира Байырбекова бұл жолы өзінің Instagram-парақшасында өзекті проблема қозғады. Ол отандық өнімді қолдап, билікке Қытайдан импортталатын тауарларға тыйым салуды ұсынып отыр.
“Халықтың әрбірі біреулер үшін қымбат жандар! Әрбірінің денсаулығы мықты болса екен деп тілеймін! Сол үшін елімізге өзге мемлекеттерден (Қытайдан) азық-түлік кіргізбей, өзімізден шығатын сапалы өнімдерімізді тұтынғанын қалайсыздар ма? Мен де xалықтың бірі ретінде осы мәселеге қатты алаңдаймын. Мен ешқандай басшының алдына барып, өзім үшін бір нәрсе сұрап көрген адам емеспін. Егер билік басындағылар мені оқитын болса осы мәселені сұрар едім. Қолға алуға бола ма? Болашағымыздың денсаулығына алаңдаймын”, – деп жазды Байырбекова.
«Өте жақсы пікір. Өзімізден шығатын азық-түлік, киімдерді пайдалануға болады ғой. Бірақ қымбат. Неге Қытайдан келген өнімдер сияқты арзан бағаға жасамайды», – деп Жазираны оқырмандары да қостай кетті.