$ 448.15  483.46  4.86

Жаңа босанған жалғызбасты ана екі күннен бері аш отыр

Көпшілікке «Janym baklajanym» лақап атымен танымал Айдын Тоқсанбаеваға жаңа босанған бойжеткен көмек сұрап, хат жазған. Блогер Instagram-парақшасына нәбәрі 10 күн бұрын ғана шақалағын дүниеге әкелген әйелдің екі күннен бері аш отырғанын жазады.

Бойжеткен тұрмысқа шықпаған. Жігітімен жүріп жүргенде аяғы ауыр болып қалады. Ал, «сүйіктісі» оған үйленбейтінін айтыпты. Қанша мәрте аборт жасатамын деп ойлаған қыз бала ақыр соңында босанамын деп шешім қабылдапты.

– «Ішіп жейтін тамағын бар ма?» деген сұрағыма кеше ғана босанған жас қыз «Ыстық тамақ ішпегеніме 2 күн болды» деп жауап жазды, – дейді Айдын Тоқсанбаева.
Үнемі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүретін Тоқсанбаева бұл жолы да қызға алып-ұшып барып, көмек қолын созыпты.

«Бүгін анам екеуміз азық-түлігімізді сатып алып, үйіне бардық. Қолымдағы періштенің дүниеге келгеніне әлі 10 күн де болмаған», – деген ол жалғызбасты ананың қаржылай көмекке зәру екенін жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары