$ 444.22  476.38  4.82

Аурухана қызметкерлері қызмет уақытында спирттік ішімдік ішкен (ВИДЕО)

Видеоны әлеуметтік желіге Манас Бістаев есімді қолданушы жүктеген. Онда медицина қызметкерлерінің дастархан басында арақты бірінен соң бірі сіміре ішіп жатқаны анық көрінеді. Бәрінің дерлік үстінде қызметтік ақ халаттары бар.

«ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылы. Амбулатория. Медицина қызметкерлері жұмыс уақытында арақ ішеді. Видеоны жіберген адам емделушілерге ешкімнің қарамай, дәрігерлердің көңіл көтеріп отырғанын айтады», – деп жазады желі қолданушысы.

Видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Тек бір-бірімен өзбекше және орысша тілдескендері анық естіледі. Бірақ, автор бұл оқиғанын Қазақстанда болғанын сеніммен айтып отыр.

«Кейбір адамдар бұл жағдайды Өзбекстанда болған деп қателесіп жатыр. Дастарханға жайылған газетке назар аударыңыңыздар. Қазақ басылымы», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары