$ 446.49  475.38  4.79

Facebook қазақша жазатын білікті маман іздеп жатыр

Әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook қазақ тілін меңгерген, Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білетін маман іздеп жатыр деп жазады ҚазАқпарат.

 Компания өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған хабарламада үздік үміткердің Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтіні хабарланған. Жұмыс орны Ирландияның Дублин қаласындағы кеңсесінде орналасқан.

Үміткер Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тіліндегі контенттің хабарламаларын тексерумен айналысады, қолданушыларға қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелермен айналысады.

Үміткер жылдам әрі сапалы жұмыс істеп, Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отыруы тиіс. Сондай-ақ, оның бакалавр мен магистр оқу дәрежесі немесе сараптамалық жобалар саласында жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткерден ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгеруі талап етіледі. Excel және SQL бағдарламаларымен жұмыс істей алуы - үлкен артықшылық болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары