$ 444.32  473.33  4.76

Астанада боранда жоғалып кеткен 8 жасар бала аман-есен табылды

Бүгін таңертең бораннан жоғалып кеткен бала аман-есен табылды. Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып, теле жүргізуші Ғани Жапишов жазды.

Таңертең ата-анасының сөзіне құлақ аспай, мектепке барамын деп үйінен шығып кеткен 8 жасар бала 8 жарымда басталатын сабағына бармаған. Мұны оқушының анасына мұғалімі мәлімдеген.

Алайда көп ұзамай, желідегі парақшасына Ғани Жапсиев баланың табылғаны жайлы ақпарат жазды. Тележүргізуші қуанышты хабарды оқушының әкесінен естігенін айтады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, оқушыны көше тазалаушы кісі тауып әкеліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары