$ 458.85 € 503.5 ₽ 5.59

«Көмекшілерім»: Төреғали Төреәлінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Өнер иесі балаларын қасына ертіп, далада от жағып, қазан асып, бесбармақ дайындауға кіріскен сәтін көрсетті. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасымен бірге ұлттық тағам әзірлеп, әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі балаларын қасына ертіп, далада от жағып, қазан асып, бесбармақ дайындауға кіріскен сәтін көрсетті.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол ұлдарымен бірге отын жарып, қазақтың дәстүрлі тағамын әзірлейтінін айтып, балаларын да ас дайындау жұмысына жұмылдырған.

«Біз бүгін өз шаңырағымызда, бұйырса, қазақтың ұлттық тағамы – бешбармақ дайындайтын боламыз. Оң жағымда Төренұр, сол жағымда көмекшім Төремұхаммедәли. Бүгін отын жағып, далада қазан қайнатып, ет салатын боламыз», – деді әнші.

Отбасылық сәтті тамашалаған желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, балалардың ұлттық дәстүрді бойына сіңіріп өсуіне тілектестік танытты.

«Осындай ұл-қыз жұғысты болсын», «Керемет отбасы», «Қандай керемет тәрбие», – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0