Қоғам 12.01.2018 сағат 09:50

Береке ауылында боранды күні мектептен шыққан мұғалім жоғалып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен Уәлиханов ауданының 20 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр деп жазады Sputnik Қазақстан. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Уәлиханов ауданында ішкі істер бөлімінің жеке құрамы кеше дабыл бойынша іздестіру шарасын бастады. 

"ІІД және аудандық ішкі істер бөлімі, сондай-ақ төтенше жағдайлар және әкімдік қызметкерлері екінші күн Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын іздеп жатыр. Бейсенбі сағат 12:30 шамасында мұғалім мектептен шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне оралған жоқ. Жолда оның ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Үйден шыққасын боранда белгісіз жаққа кетіп қалуы мүмкін", — дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Марат Әлжанов. 

Полиция подполковнигінің айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр. Мұғалімді көрші ауылдардан сұрастырды. Ақмола облысының полицейлері де жағдайдан хабардар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар