$ 448.15  483.46  4.86

Кеше Астанада болған боран кезінде «112» номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен

Өткен тәулікте Астанада «112» номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен, басым көпшілігі ақпарат алу және көмек көрсету бағытында деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің медиа-орталығы.

Авариялық-құтқару жұмыстарына департаменттің  221 қызметкері және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1888 жұмысшысы және 1345 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

ТЖД қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтімділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілді, патрульдеу кезінде тасжолдан 149 адам, оның ішінде 17 бала құтқарылды және 66 көлік қардан шығарылды.

11 қаңтар күні қаланың коммуналдық қызметі қаламыздағы қарды тазалап, тұз аралас құм септі, бір тәулікте 34 227 куб метр қар тазаланып, 565 куб метр құм себілді.

Қаламыздың ауруханаларына түрлі жарақатпен 79 адам жүгінген. 

3-МӨСБ базасында орналасқан дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды, штаб бастығы -  Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары М. Аманбаев. Қаламыздың 8 нысанында жылыну бекеті ашылды. 

12 қаңтар күні Астана қаласында қар жауып, боран соғады. 9-14 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертеді, түнде және таңға қарай жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Қазіргі кезде Көкшетау, Қарағанды, Қостанай бағытындағы тасжолдар ашық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары