$ 448.89  477.93  4.76

"ЭКСПО-2017" көрмесі маңында орналасқан қуыршақтардың бірі өртенді

"ЭКСПО-2017" көрмесі маңында орналасқан қуыршақтардың бірі өртенген, мәліметті Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет растады деп жазады Sputniknews Қазақстан.

Өрт сенбі күні шығыпты. ЭКСПО символдарын демонтаждау кезінде қуыршақтардың бірі өртене бастаған, өртену аумағы бес шаршы метрді құрайды.

"Жалын өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқаша тұйықталуы", – деп хабарлайды ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары