$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте тойда 59 млн теңгенің торты жасалды (ВИДЕО)

Шымкентте тойда құны 59 000 000 теңге болатын торт жасалды. Үйлену тойында болғандар әлеуметтік желіге тәттінің суреті мен видеосын жарыса жариялап жатыр.

Солардың бірі Жан Мұқанов. Ол telegram-каналында бұл торттың осы тойға арнайы тапсырыспен жасалғанын айтады.

"Кеше Шымкентте Риксос қонақ үйінде салтанатты үйлену тойы өтті. Отандық шоу-бизнес өкілдері аз болмады, бірақ жұлдыздармен қонақтарды таңғалдыру қиын. Бұл кеште Валерия мен Джей Шон да болды. Бұл кештің басты хиті торт пен боксшы болды. Тортты танымал кондитер Р. Ағзамов әзірлеген. Ал, боксшы – біздің ең танымал әрі даңқты Геннадий Головкин. Мен өз атымнан жастарға бақыт тілеймін!, – деді Жан Мұқанов. 

Тортты ресейлік кондитер Ренат Агзамов дайындаған. Оның айтуынша, торттың диаметрі - 3 метр, биіктігі - 4,2. Салмағы - 1500 келі.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға сенсек, той иесі – оңтүстік жұртына танымал Сейітжановтар әулеті. Олар ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдымен құда болған көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары