$ 448.89  477.93  4.76

Астанада картоп бағасы тұрақталды

"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік тауарлары қорын тұрақтандыруды өңірлік пайдалану және  қалыптастыру бойынша бағдарламасы аясында картопты пайдаланудан бастады деп мәлімдейді Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгінде көкөністің бір келісі 120 теңгеден аспайды.

– Өнім Бөгенбай батыр даңғылы, 69  орналасқан "Шапағат" коммуналдық базарында килосы 115 теңгеден сатылуда. Өнімнің сапасы жоғары талапқа сай. Біздің болжамымыз бойынша сатып алынған көкөніс сәуір айына дейін жетпек", – деп мәлімдейді "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша департамент директоры Әуез Қарабалаев. 

Естеріңізге сала кетейік, "Шапағат" КБ" ЖШС Астана қаласының бірден бір коммуналдық базары және еншілес "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ мекемесі, бұлардың негізгі тұтынушысы халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы. Коммуналдық базар жеке және заңды тұлғаларға сауда алаңдарын ұсынады және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін жәрмеңке ұйымдастырумен  айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары