$ 443.85  474.3  4.8

Нашақор көлігімен емхананың екінші қабатына кіріп кетті

АҚШ-тың Санта-Ана қаласында нашақор емхананың екінші қабатына көлігімен кіріп кетті деп жазады РИА Новости.

Автокөлік тасжолмен жоғары жылдамдықпен келіп, жол бойында орналасқан тіс емханасының екінші қабатына кіріп кеткен.

Оқиға орнына мезетінде жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көлік ішінінен екі адамды құтқарып алды. Артынша жүргізілген медициналық тексеруден кейін жүргізушінің есірткі қолданғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары