$ 444.22  476.38  4.82

Лондондағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына «Борат» үлгісіндегі бірнеше адам жиналып суретке түсті

Былтыр жыл соңында ғана Астанада жартылай жалаңаш суретке түсіп, «Борат» кейпіне енген чех азаматтары жауапқа тартылып, айыппұл төлеген болатын. Дәл сол 6 адам енді Лондонға барып, Қазақстан елшілігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл сәт түсірілген фотоны Facebook әлеуметтік желісіне Жан Гаскин есімді қолданушы жүктеді.

«Жуырда ғана Астанада "Бораттың киімінде" суретке түспек болып, жауапқа тартылған чех азаматтарын ағылшын комигі Лондонға шақырды. Ол Қазақстан салған айыппұлды өз қалтасынан төлеп қана қоймай, Қазақстанның Англиядағы елшілігіне шақырып, ғимарат алдында суретке түсуге мүмкіндік жасады», — делінген автордың жазбасында.

Еске салайық, былтыр 10 қараша күні Астанадағы ЭКСПО аумағында орналасқан автотұрақ кешенінде чех азаматтары «Борат» фильміндегі басты кейіпкердің образында суретке түспек болған сәтте тәртіп сақшыларына ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары