Үндістандық Бхола есімді жігіт кобраның аузын тікпекші болып, өзі уланып қайтыс болды деп жазады Mirror.
Күнге жылынып отқан Бхола көшеден улы жыланды тауып алып, оның ауызын ине-жіппен тікпекші болған екен.
Видеода оның бауырымен жорғалаушыны мойнына алып, жұртқа көрсетіп тұрғаны анық көрінеді.
Алайдa, Бхола кобраны ұзақ ұстай алмай, үйіне алып кетіпті. Жолай жылан оны шағып алған. Содан кейін жігіттің жағдайы күрт нашарлай бастайды. Сөйтіп ол ауруханаға жетпей, жарты жолда қайтыс болады. Ал, оның туыстары болса кобраны өлтіріп, оны Бхоланың қасына жерледі.