Қоғам 16.01.2018 сағат 11:34

Жалаңаш суретке түскен үш қыз төртіншісін тізерлетіп соққыға жықты (ВИДЕО)

Орел (Ресей) қаласында кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік-оңалту орталығының 3 тәрбиеленушісі 12 жастағы қызды соққыға жығып, тізерлетіп кешірім сұрауға мәжбүрледі деп жазады life.ru.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Mash телеграм-каналында бұл жағдайдың 9 қаңтар күні болғаны жазылған. Алғашында 15 жастағы Лиза, Настя және Маша есімді үш қыз жалаңаш суретке түседі. Мұны көрген Влада оқиғаны тәрбиешіге жеткізіпті. Педагогтан ұрыс естіген үшеу артынша өздерінен кіші оқушыны ұстап алып, жазалау үшін әдбен ұрып-соққан.

Қыздар мұнымен қоймай, бұл сәтті видеоға да түсіріп алыпты. Онда тәрбиеленушілер: «Егер ол тағы аузын ашатын болса, жазалаймыз», – деп қызды кешірім сұрауға мәжбүрлеп, жан-жақтан соққылап жатады.

Қазіргі уақытта прокуратура аталған ораталықты тексеріп жатыр. Ал жәбірленушіні соққыға жыққан 3 қыз да оқудан шығарылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар