Орел (Ресей) қаласында кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік-оңалту орталығының 3 тәрбиеленушісі 12 жастағы қызды соққыға жығып, тізерлетіп кешірім сұрауға мәжбүрледі деп жазады life.ru.
Mash телеграм-каналында бұл жағдайдың 9 қаңтар күні болғаны жазылған. Алғашында 15 жастағы Лиза, Настя және Маша есімді үш қыз жалаңаш суретке түседі. Мұны көрген Влада оқиғаны тәрбиешіге жеткізіпті. Педагогтан ұрыс естіген үшеу артынша өздерінен кіші оқушыны ұстап алып, жазалау үшін әдбен ұрып-соққан.
Қыздар мұнымен қоймай, бұл сәтті видеоға да түсіріп алыпты. Онда тәрбиеленушілер: «Егер ол тағы аузын ашатын болса, жазалаймыз», – деп қызды кешірім сұрауға мәжбүрлеп, жан-жақтан соққылап жатады. Қазіргі уақытта прокуратура аталған ораталықты тексеріп жатыр. Ал жәбірленушіні соққыға жыққан 3 қыз да оқудан шығарылды.