Үндістандағы Уттар-Прадеш штатының тұрғындары Шарда арнасының жағалауынан екі қыздың өлі денесі салынған сөмке тауып алды. Белгісіз біреулер оларды өлтіріп, денелерін тұздап, суға лақтырып жіберген деп жазады Mirror.
Су жағасынан сөмке тапқан жергілікті тұрғындар екі қыздың денесін ашқан кезде шошып кеткен. Олардың біреуі шамамен – 7, екіншісі – 12 жаста. Үстерінде тұзды тас қойылған. Полицейлер қылмыскерлердің бұл әрекетін денелерді тез жоюға құрған жоспары екенін айтады.
Тергеушілер оларды суға қашан лақтырып жібергенін анықтай алмады. Тіпті, жәбірленушілердің нақты жасын да біле алмай отыр. Бұл да полицейлердің қандықол қарақшыларды табуына біршама кедергі болады екен. Олар тіпті, басқа штат тұрғындары болып шығуы да ғажап емес.
Полицейлер қылмыскерлердің бұл әрекетінің мұқият жоспарланғанын айтады.
Сот медициналық сараптамасы екі қыздың аузын жауып, тұншықтырғанын анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.