Қоғам 18.01.2018 сағат 11:04

Автобустағы өрттің қалай шыққаны белгілі болды

52 адамның өмірін жалмаған өртте автобус ішінде болған жолаушы тілсіз жаудың қалай шыққанын айтып берді деп мәлімдейді Ren.tv арнасы.  

Куәгердің айтуынша жолаушылар дәнекерлейтін шаммен жылынып отырған. Кенет көлік ішінде біреулер өзара ерегісіп қалған.

"Автобустағылар дәнекерлейтін шаммен жылынып бара жатқан. Бір кезде жолаушылар өзара ерегісе бастады да, бірі екіншісіне жанармай толы құтыны лақтырып жіберді",–  дейді куәгер.

Еске салайық, Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, салдарынан 52 адам қайтыс болған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар