Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының аты-жөндері Өзбекстан Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Қайтыс болған азаматтардың барлығы ер адамдар, олар түгел Наманган облысының тумалары. Ең үлкені - 41 жаста болса, кішісі небәрі 19-да. Министрлік жариялаған тізімде әзірге 29 адамның аты-жөні жазылған. Сондай-ақ, жараланғандардың да кім екені анықталды.
Еске салайық, Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты кеше таңертең сағат 10:30-да болған еді. Жолаушыларға толы автобус жол жүріп келе жатып өртеніп, салдарынан 52 адам тірідей жанып кетті. Барлығы да Өзбекстан азаматтары. Тірі қалған 5 адамның үшеуі қазақстандықтар. Олар автобус жүргізушісі мен оның көмекшілері.