$ 498.34  519.72  4.85

Өртенген автобуста жүк толы болғандықтан жолаушылары сыртқа шыға алмай қалған болуы мүмкін

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев 52 адамның өмірін қиған автобустағы өрттің қалай шыққанын айтып берді деп жазады sputniknews.kz.

"Өрт шыққан кезде әуелі өткір иісті түтін тарап, жолаушылардың көпшілігіне иіс тиіп қалған. Адамдардың басым көпшілігі қаза табуына осы себеп болған шығар. Екіншіден, есік ашылған кезде, ішке оттегі кіріп, автобустың іші лап етіп жана бастайды, сол себепті ешкім сыртқа шыға алмаған болса керек", – дейді Тұрғымбаев.

Сонымен бірге, министр орынбасарының айтуынша, автобус ішінде жүк көп болған екен. Әрі жолаушылар екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында отырыпты. Яғни, жүк түгелдей лапылдап жанып, жойқын өрт ешкімнің сыртқа шығуына мүмкіндік бермеген көрінеді.

Бейсенбі 18 қаңтарда сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы жүріп келе жатып, өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам – Өзбектсан азаматтары қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары