Шымкенттегі ЭКО орталығының мамандары ұрық өткізетін ер адамдарға қандай талаптар қойылатыны туралы айтып берді. Мәселен, сперма доноры атану үшін түрлі мемлекеттік мекемелерден берілетін анықтамаларды айтпағанда, ЖОО бітіргені туралы диплом да қажет екен. Сондай-ақ, оқыған мамандығың бойынша жұмыс істеуің де міндетті деп жазады tvk-uko.kz.
Орталық мамандарының айтуынша, Шымкентте ұрығын тапсырып ақша тапқысы келетін ер адамдар саны аз емес екен. Алайда, олардың көбі аталған талаптарға сәйкес келе бермейтін көрінеді.
Шымкенттегі ЭКО орталығының ашылғанына небәрі екі жыл болған. Осы уақытта мұндағы дәрігерлер жүздеген әйелге бала сыйлап үлгеріпті. Олардың ең үлкені 53 жаста. Мамандардың айтуынша, табиғи жолмен туылған бала мен ЭКО арқылы туылған баланың еш айырмашылығы жоқ.
«ЭКО арқылы босанатын әйелдердің орта жасы 40-та болғандықтан олардың балалары еркелеу және жылауықтау болып келеді. Сондықтан олардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген дұрыс», ― дейді Қазақстанда ең бірінші болып ЭКО орталығын ашқан маман Салтанат Байқошқарова.