20.01.2018, 16:47

Шымкентте темір жол көпірінің астынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін сағат 16:40 шамасында Шымкент пен Сайрам ауданын бөліп тұрған темір жол көпірінің астынан шамамен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды деп мәлімдеді жергілікті TVK телеарнасы. Қайтыс болған адам қымбат киінген.

Оқиға орны бірнеше сағатқа қоршалып, мәйіт табылған жерде полицейлер ұзақ уақыт тексеру жұмыстарын жүргізген. Полицейлерді Сайрам аудандық ІІБ-нің басшысы өзі бастап келіпті.

Әзірге өлімнің нақты неден болғаны белгісіз. Ер адамды пойыздан немесе көпірден итеріп жіберген болуы мүмкін. Сондай-ақ, суицид нұсқасы да қаралуда. Құқық қорғаушылар мән-жайды анықтап болғаннан кейін ғана арнайы мәлімдеме жасайтындарын айтты.