$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде тағы 123 оқушы хиджабын шешті

Ақтөбе облысында кішкентай қыздарын хиджабқа орап тастаған ата-аналар жергілікті билікпен тіл табысып, оларды мектепке діни киімсіз жіберуге уәде берді деп жазады ҚазТАГ.

«Аймақта мектепке мектеп формасын киіп келмейтін оқушылардың ата-аналарымен жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылдың 1 қаңтарында мектепке хиджабпен келетін 340 оқушы бар болатын. Олардың ата-аналарымен жүргізілген жұмыстан кейін 123 оқушының хиджабын шешкізуге қол жеткіздік. Олар қазіргі таңда сабаққа мектеп формасын киіп келіп жүр. Ешбірі оқудан қалып жүрген жоқ», - деді сала мамандары бүгін Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында.

Облыс әкімі әсіресе аудандарда түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, оған қоғам белсенділері мен зиялыларды да белсене қатыстыру керектігін айтты.

«Мұндай діндарлармен өзге ата-аналар да, мектеп директорлары да түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Әсіресе, ақсақалдар, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері шетте қалмаса екен», - деді Бердібек Мәшбекұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары