Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Астана тұрғындарын қатты аязда бір-біріне көмектесуге үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Арктикалық антициклон ығысып, қатты аяз болатынын барлық адам естіген шығар. Осы күндері тұрғындарды бір-біріне көмектесуге шақырамын. Жақсы істер жасауға асығайық! Мұны жасау қиын емес!", — деп жазған Тұрлыбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, көлік жүргізушілерінің аялдамада тұрған адамды жеткізіп тастағаны жөн. Сондай-ақ аудан әкімі көлігі оталмаған адамдарға да көмектесуге шақырды.
"Көлік жүргізушілері, жаяу жүргіншілерге жол берейік. Қалада ұсақ, бағдаршамы жоқ көшелер көп, ол жерде адамдар көліктер өтіп кеткенше күтіп тұрады. Аязды күндері жаяу жүргіншілерді жиірек өткізіп жіберуге тырысайық. Сіздер жылы жерде отырасыздар, ал олар аязда тоңып қалады", — дейді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Әсет Исекешев те қала тұрғындарына аяз болатыны жайында ескертіп, астаналықтарды сақ болуға шақырған еді.