Ақтау тұрғындары мұз айдынында тегін сырғанау кезінде бір-бірін таптап тастады деп жазады "Лада" порталы.
Жергілікті тұрғындарға тегін коньки тебуге мүмкіндікті банктердің бірі сыйлады. Акция «Ақтау» сауда орталығында болған.
Ұйымдастырушалыр халықтың бұл акцияға осынша көп жиналатынын күтпепті. Келушілер кезекке тұрып кірген. Бірақ адам қарасының көп болғаны соншалық, жұрт кептелісіп, бір-бірін таптап тастаған.
Бұл оқиға екінші күн қатарынан жалғасып отыр екен. Конькилерді жалға беру де тегін. Ұйымдастырушылар әр жарты сағат сайын 30 адамнан құралған топты кіргізіп отырған.
Акция Қазақстанның 19 қаласында болыпты.
Бұқаралық ақпарат құралдары Атырау халқыны да мұз айдынында осылай әбігерге түскенін жазып жатыр.