түрмесінен қашып Қазақстанға келген атақты айтыскер ақын Гүлсінай Бейсен көмекке мұқтаж. Ақын жуырда жас босанған, Алматы облысы Жаркент қаласы Кіші Шыған ауылында үй жалдап тұрады.
Бұл туралы желідегі парақшасында актер Бақыт Тушаев жазды.
“Күйеуі мен әкесін Қытайлар түрмеге қамап тастаған. Гүлсінайды да ұзақ уақыт түрмеге қамаған. Тек, ауыр аяқ болғаннан соң ауыр жұмысқа жекпей, түрменің асxанасына жұмысқа салған. Түрмеде бірнеше мың қазақ-ұйғыр әйелдері киім және мақта салатын кең қап тігеді екен. Асxанадағы жұмыстың өзі ауыр аяқ әрі айы-күні таяп отырған жүкті әйелге оңайға соқпаған. Түрмеде күніне үш сағат кілең Қазақстанды және Түркияны жамандайтын телебағдармалар көрсетіледі екен. Жай көрсетіп қана қоймай, әр бір адам көргендерінен алған әсерін айтуға міндетті болыпты. Босанатын күні таяған Гүлсінайды Қытай сақшылары 20 күнге уақытша босатқан. Қолынан қолxат алып, белгілеген доxтырxанаға барып баласын туып болған соң, баласын біреуге тапсырып, 20 күннің ішінде аталмыш түрмеге өздігінен қайтадан келуге міндеттеген. Гүлсінай осы орайда Қазақстанға қашып өткен. Паспортын Қытай сақшылары тәркілеп тартып алған ғой, сақшыларға пара беріп паспортын бір сағатқа сұрап алып Қазақстанға қашып өткен екен!!!
Гүлсінайдың түрмеге түсер еш қылмысы жоқ. Бар болғаны күйеуі екеуі Қазақстанға осыдан аз уақыт бұрын қоныс аударған. Қазақстандағы құжаттық жұмыстарын реттеп болған соң Қытайдағы үйі мен автокөлігін сату үшін Қытайға барған. Қытайдың Қорғас шекарасында бұларды бірден тұтқындаған. Гүлсінайдың қазір басында ұйі жоқ. Үй жалдап отырады. Асыраушысы жоқ. Күйеуі мен қарт әкесін Қытайлар түрмеге қамап отыр. Ол түрмелер “саяси үйрену орталығы”-деп аталады. Еш заңдық құжатсыз, сотсыз, прокуратурасыз тіке қамайды. Мерзімі қалағанша өзгереді. Қылмыс тұрақтандыруға, қамауға алуға еш дәлел, еш заңдық барыс керек емес. Кімді қамайды, қанша мерзімге қамайды, бәрі жергілікті құқық орындарының қалауымен болады. Оларға шексіз билік беріп қойған. Қазақстанға келіп қайтқан қазақтың кез-келгенін қаласа қамайды, қаласа соттайды, қаласа қоя бере салады.
Гүлсінайға Алматыдағы Қыдырәлі Оразұлы бастаған белсенді азаматтар көмектесіп жатыр екен. Бұл тақырып WhatsApp топтарында ашық талқыланып жатқаннан соң, жылу-көмек ақшасы ашық жиналып жатқаннан соң мен оны көпшілікке жеткізгім келді. Менің байқауымда қаражат өте аз жиналды. Себебі, Гүлсінаймен тағдырлас Қытай қазақтары қазір көп. Өткенде ғана Алматы облысы Бәйдібек би ауылына жақын жердегі Ащыбұлақ ауылында тұратын Сағира деген үш балалы келіншекке де осы Кыдыралы Оразулы бастаған азаматтар барып көмектесіп қайтқан еді. Сағираның күйеуін де Қытайлар жібермей ұстап отырғалы жылға таяпты. Көмірсіз, жылусыз, азық-түліксіз, асыраушысыз қалған, күйеулері Қытайда қамауда отырған мұндай әйелдер өте көп. Олардың бар айыптары- Қазақстанға қоныс аударғандары. Анық-қанығын білгісі келетіндер, ақпарат құралдарында мәселені көтергісі келетіндер, Жас босанған анаға көмектескісі келетіндер Оразұлы Қыдырәлімен xабарлассын. Телефон/whatsApp: +77072668899. Айтпақшы, Қыдырәлі Оразұлы Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген қоғам белсендісі, ұлт жанашыры. Осыған дейін үш мәрте баспасөз мәслиxатын ұйымдастырған танымал тұлға. Дулат Исабек, Қабдеш Жұмаәділ, Совет-xан Ғаббасов, Расұл Жұмәлі, Марат Тоқашбаев, Қазыбек Иса, Азат Первашевтермен бірге Қытайдағы қазақ мәселесін Қазақстан қоғамында көтеруші қоғам қайраткері. Гүлсінай Бейсеннің басындағы жағдайды Америкадағы xалықаралық Азат Азия Радио Блогі ағылшын-қытай тілдерінде ашық xабарлаған болатын. Гүлсінай өзі Ішкі Қытайдан Медуниверситет тамамдапты.
Қазір Қытай қазақтарының басына ауыр күн туып тұр. Қытайда қазақ имамдар, қазақ молдлар жаппай сотталуда. Қытайдың заңды Ислам Инсьитутын тауысып, компартияның заңды қызмет бөлісімен, заңды рұxсатпен имам болған азаматтар соңғы үш жылда жаппай сотталып кетіп жатыр. Ауылдардағы мешіттер имамсыз қалып жатыр. Көп мешіт шағылды. Шағылмағаны құлыпталды.
Қайтыс болған мұсылмандарды мұсылман дәстүрінше жерлеуге тыйым салынды Қытайда. Оның мән-жайы былай: Қытайдың былтыр шыққан “мұсылманша жерлеу заңы” бойынша арнайы үкіметтік рұxсаты болмаған адамдардың жаназа шығаруға, құран оқуға, құран қатым түсіруге құқы жоқ” – делінген. Аталмыш заңда имамдардың өз ауылынан тыс жерлерде діни рәміздерді орындауына басы бүтін тыйым салынған. Демек, аттам жердегі көрші ауылдың имамы сотталып кетсе немесе аталмыш “саяси үйренуге” кетсе, онда ол ауылда қайтыс болған мұсылманды өзге ауылдың имамы келіп жерлей алмайды. Имамдық куәлігі жоқ кез-келген мұсылманның жерлеу рәмізін орындамақ түгілі құран оқуының өзі “заңсыз діни қарекет” деп бағаланады әрі сотталады. 2014 жылдан бастап Қытайдағы қазақ имамдары жаппай тұтқындала бастады.
Имамдарды құртқаны- иммунинентті құртқаны ғой. Имамсыз жұрт имансыз жұртқа айналады. Әр қазақтың үйіне қытайларды “туыстастырып” қойды. Бақылатып отыр әрі ертең ұрпағы ет бауыр болсын деп. Қазақстанды қауіпті 26 елдің қатарына қосып қойған. “Балқашқа дейінгі жер- Қытайдікі”-деп ашық уағыздайтын болды.
Қамауға алу үшін еш сылтау керек емес. “Сенің идеяңда ауытқушылық бар, сен Қазақстанға барып келгенсің. Енді біз сені руxани сауықтырамыз”-дейді. Соның өзі жеткілікті. 95 пайыз қазақтың шетелге шығатын паспорты біртұтас жыйнап алынған. Шет елге, сырт көзге көрсету үшін өте аз санды адамдарға ғана паспорт берілген. Қазақтың ұл-қыздарын ішкі қытай өлкелеріне апарып оқытып жатыр. 13-15 жастағы өрімдей ұл-қыздарды қазақы болмыстан жұрдай қылып тәрбиелеуде. Қазақстанға келіп қайтқандар жаңағы лагерлерге қамалуда. Бала-шағасын Қазақстанға жібергендердің алды сотталып кетті. Мешіттер шағылуда. Сотталудан, саяси үйрену орталықтарына қамалудан аман қалған имамдардың өзі қатаң бақылауда.
Осы күнге дейін Қазақстандық баспасөзде Қытайдағы қазақ мәселесін көтеріп жүрген Қыдырәлі Оразұлын жете танымақ болсаңыз немесе Қытайда жазықсыз сотталып, саяси қудалауға ұшырап жатқан қазақтардың жағдайын білмек болсаңыз, үшбу жазбамыздың соңында берілген сайт сілтемелерін ерінбей бірден ашып оқып шығуыңызды сұраймыз. Қытайдағы қазақтарымыз фашисттік, Сталиндік геноцизммен парапар саяси террорлық қалде өмір сүруде. Қытайдағы қазақты жаппай абақтылағанымен қоймай ендігіде Қазақстан шекарасына баса көктеп кіріп ҚР азаматтығын алған қазақтардың өзін барымталауға көшті. Қазақстандағы қазақтарды қыспаққа алып шпиондыққа мәжбүрлеуде. Демек, олар Қазақстан елінің егемендігінің өзін аяққа таптағысы келеді. “Балқашқа дейінгі жер Қытайдікі” -деген үгіт-насиxаттары соңғы кезде қауырт жүруде. Отанымызға, елімізге, тәуелсіздігiмізге, Қазақстанымызға қауіп төнуде. Ойлан, Қазақ!”, – деп жазады Бақыт Тушаев.
Дереккөз: Stan.kz