$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында бір үйдің 5 мүшесі ыстан уланып қайтыс болды

Қарағанды облысының Абай ауданында пештің дұрыс жанбауынан бір үйдің 5 мүшесі түтіннен уланып қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 21 қаңтар күні Долинка ауылындағы 1 бөлмелі шағын үйде болған. Өрт сөндірушілер баспана ішінен 6 адамды тапқанын мәлімдеп отыр. Олардың бесеуі ыс тиіп көз жұмса, тағы бір адам ауыр халде Қарағанды қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті.

"Өрт сөндіру зертханасының алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиғаға үйдегі пештен шыққан ақау себеп болған. Қазіргі таңда 3 адамның кім екені анықталды: олар 1961, 1981 және 1984 жылы туған. Абай аудандық ІІБ-нің шұғыл тергеу тобы қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Мамандар сондай-ақ, көмір жағатын тұрғындарға барынша сақ болу керек екенін де ескертіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары