Көше бойында тұрған өзге ұлт жігіті мен қазақ қызын көрген Жәнібек Иманмәзір есімді Facebook қолданушысы қандас қарындасына ұрысып кетті. Осы сәттегі видеоны ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.
Онда ер азамат: «Әй, неғып жүрсіңдер? Кім мынау? Қазақ жігіті жетпей ма саған? Ұялмайсың ба?», – деп қыздың намысына тиетін ауыр сөздер айтады.
Қыз бала болса, жанындағы азаматтың жігіті емес, заңды некедегі күйеуі екенін түсіндіреді. Ал, жанындағы түрікке ұқсайтын өзге ұлт өкілі ағылшын тілінде: «Сізге не керек? Есіңіз дұрыс па? Бұл менің жұбайым. Міне, жүзігіміз», – деп қолындағы неке сақинасын көрсетеді.
Жәнібек Иманмәзір болса, қазақ қыздарының өзге ұлт өкілінің етегін ұстап кетіп жатқанын намыс көріп, қатты қынжылатынын жазады.
«Жігіттер, ай қарап отыра берсек шетелдіктер қыздарымызды алып-алып бітіріп тастайды. Ертең қыз бітсе, кімге үйленесіңдер? Жатырына шетелдіктердің сасық ұрығын толтырып қайтып келген қан бұзғыш сатқын қызды аласыңдар ма?», – дейді ол желідегі парақшасында.