$ 449.58  486.94  4.86

Темекі шегіп жүрген 4 жасар бала желіні шулатты (ВИДЕО)

Қытайдың оңтүстігінде темекінің түтінін бұрқыратып жүрген 4 жасар бала жұрттың жағасын ұстатты. Кішкентай сәби шывлымды шегіп қана қоймай, оның түтінінен шеңбер жасап ойнайды. Жергілікті Wechat әлеуметтік желісін қолданушылар оның ата-анасын жаппай айыптап жатыр деп жазады Daily Mail.

Кадрлардың бірінде кішкентай бала бамбук орындығында, аяғын айқастырып, темекі тартып отыр. Екінші кадрда ол орындықта жатып алып темекі түтінінен шеңбер жасауда.

Баланың көршілері әлеуметтік желіде видеоның монтаж емес екенін растады. Айтуларынша, сәби темекі тартуды 2 жастан асқан кезде үйреніпті. Енді ол қазір сауда орындарына барып ұрлық жасауды әдетке айналдырған. Ұрлай алмаса жұрттан қалған темекі тұқылын алып шегеді екен.

Бала құқығын қорғаумен айналысатын мемқызметкерлер баланың үйіне барып, атасы мен әжесіне ауызша ескерту жасапты. Оның ата-анасы өзге қалада жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары