$ 448.56  478.03  4.79

Ақтөбеде өртеніп кеткен өзбек жұмысшыларының фотолары жарияланды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында автобус өртінен қайтыс болған 52 өзбек азаматын туған-туыстары жер қойнына тапсырды. Жергілікті БАҚ өкілдері олардың көзі тірісінде түскен суреттерін әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алып жариялауда.

Еске салайық, оқиға 18 қаңтар күні таңертең 10:30 шамасында болған. Автобус салонында от тұтанып, ыдыста болған жанармай лап беріпті. Ішіндегі жолаушылар сыртқа шығып үлгере алмай, 57 адамның 52-сі тірідей жанып кеткен.

Ал, аман қалған 5 адамның үшеуі Қазақстан азаматтары. Олар автобустың жүргізушілері. Қалған екеуі өзбек азаматтары, олар автобустың алдыңғы бөлігінде болғандықтан сыртқа шығып үлгерген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары