Дені сау болса да, ауруханада жатыр! Ақтөбе облысында өртенген автобуста аман қалған өзбекстандық екі жолаушыны еліне қайтаруға прокурорлар рұқсат бермеді. Өйткені тергеу кезінде куәлік етуге керек болады деп отыр деп мәлімдейді КТК телеарнасы.
Облыстық аурухананың қос палатасына күзет қойылған. Оның бірінде автобустың тірі қалған жүргізушілері жатса, екіншісіне өзбек жолаушылары орналасыпты. Олардан күн сайын тергеушілер жауап алып жатыр. Осылайша өрттің шығуына кінәліні таппақ. Дегенмен осы күнге дейін кімге айып тағылғаны туралы тәртіп сақшылары тіс жармады. Тек жол ережесінің бұзылғанына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын ғана хабарлады. Ал дәрігерлер, тергеушілер болмағанда автобуста тірі қалған бесеуді әлдеқашан ауруханадан шығарып жіберер едік деп отыр.
“Жалпы, бұл кісілер стационарлық ем алуға ешқандай қажеттілігі жоқ. Олар жалпы шығу керек. Бірақ тергеу амалдары жүріп жатқаннан кейін амалсыз біз оларды әзір шығармай отырмыз”, – Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.