$ 494.87  520.65  4.91

Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит жайлы бар шындықты жайып салды

Qazaqstan телеарнасынан шығатын «Бақытты әйел» бағдарламасында Алтынай Жорабаева күйеуі Сәбит Әбдіқалықов жайлы айтты.

Бағдарлама басында Алтынай Жорабаева елордаға келіп, жаңа өмір бастағанын жасырмады.

«Балаларымды қазіргі заманға сай тәрбиелегім келеді. Оларды құтты орынға қондырғым келеді», – дейді әнші.

Қырыққа жақындаған Жорабаева соңғы уақытта отбасындағы жағдайға байланысты өзгере бастағынын, балаларына бір өзі әке де, шеше де болып отырғанын жеткізді.

«Қазір өзгердім. Бұрын комплекстерім көп еді. Оған: "Көпке үлгісің. Елбасы ықыласына бөленіп жатырсың" деп Қарақат пен Айнұрдың айтқан сөздері себеп болды», – деді ол.

Әнші сондай-ақ журналистің «Сәбитпен араласып тұрасың ба?» деген сұрағына күліп қана жауап берді.

«Жоқ. Сәбитпен араласпаймын. Бақытты болсын, басқа не деймін?! Өмір ғой ол, ары қарай өмір сүру керекпіз. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Алла бұйырса, бәрі жақсы болады», – деді әнші.

Бағдарлама соңында Алтынай Жорабаева өзін Бақытты әйелдер қатарына қосатынын да айтып қалды.

Айта кетейік, Сәбит Әбіқалықовпен әнші осыдан 3 жыл бұрын ажырасқан болатын. Араларында ортақ некеден төрт қыз бала бар. Бұған дейін ол Сәбиттің қыздарымен мүлде хабарласпайтынын, тіпті көрмегендеріне бір жыл жүзі болғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары