$ 445.66  474.58  4.78

24-25 қаңтар күндері Астанада таксилер кімдерді тегін тасиды?

«Astana Taxi» бірегей қызметі «Қайырымды сапар» әлеуметтік акциясын бастады және жолаушыларды тегін тасымалдау үшін 11 автокөлік ұсынбақ деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Жолаушыларға таксомотор компаниясының есебінен қызмет көрсетіледі. 

«Акция елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған. Жүргізушілер қаланы аралап, тоқтап, тегін жеткізіп тастауды өздері ұсынады. Акция барысында баласы бар жолаушылар мен жасы үлкен адамдарға артықшылық беріледі», – делінген «Astana Taxi» баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Акция 24-25 қаңтар аралығында сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады. Іс-шараға 6 таксомотор компаниясы қатысады. 

«Акциямызға барлық кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтарды осындай қиын кезеңде қалыс қалмауға шақырамыз», – дейді такси қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары