$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық танымал тележүргізуші әйелі мен 4 баласын тастап, Астанаға кетіп қалған

Өзін танымал тележүргізушінің бірінші әйелімін деп таныстырған алматылық тұрғын күйеуі осыдан 24 жыл бұрын балаларын жылатып тастап кеткенін жазды. Астанаға көшіп кеткен журналист бүгінде танымал тележүргізушіге айналыпты.

Алайда, жазбаны жазған Мәншүк Тәжібаева есімді Facebook қолданушысы бұрынғы күйеуінің аты-жөнін айтпаған. Дегенмен, бүгінгі таңда оның тағы екі рет үйленгенін, жұртқа теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы ақыл айтып жүрген "данышпан" екенін жазыпты.

«Күйеуім мені 1994 жылы тастап кеткен. Дуалап тастаған дейді. 4 баламды оқыттым. Өзім бағып-қағып өсірдім. Күйеуім болса телеарнада айналасындағыларға ақыл үйретіп жүр. Бір әйелді қыздай алды. Кейін одан ұл сүйді. Тағы бір әйелге үйленіп, қызды болды. Ешқайсымен де жараса алмай, ажырасып тынды. Қазір Астанада жалғыз тұрады. Танымал тележурналист», – деп әйел экс-күйеуінің атын атамады.

Осылай дей келе 4 баланың анасы қазіргі ер адамдардың жауапсыз болып бара жатқанын жеткізді.

«Халыққа айтайын дегенім, бізде туған балаларының наласына қалғандар көп», – деп тәмәмдады сөзін алматылық әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары