Қоғам 24.01.2018 сағат 10:48

Министр Дәурен Абаев «Қалаулым» бағдарламасына қатысты нақты шешім шығаруға уәде берді

"Еуразия" бірінші арнасынан көрсетілетін "Қалаулым" бағдарламасы бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Қалаулым" бағдарламасы бойынша тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұған қатысты арнайы жауап береміз, дайындап жатырмыз. Бір шешімін табамыз деп ойлаймын", — деп жауап қайырды министр қысқа да нұсқа. 

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында танымал блогер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан "Қалаулым" бағдарламасын телеарнадан көрсетпеуді сұраған болатын. Министр мырза атышулы ток-шоу  жайында алғаш рет естігенін және оның мазмұнын тексеруге уәде берген еді.

Қазіргі таңда "Қалаулым" бағдарламасы "Еуразия" бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар