$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбедегі автобус өртінен тірі қалған 5 адам ауруханадан шығарылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы автобус өотінен өртінен аман қалғандар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев хабарлады.

"Бүгін оларды шығардық. Барлығының да жағдайлары жақсы", - деді басқарма басшысы. Айта кетейік, Қазақстанның үш азаматы мен екі өзбек азаматы 18 қаңтардан бастап жедел жәрдем ауруханасында жатып емделген болатын.

Өзбекстандықтардың елдеріне қашан жіберілетіні жақын күндері белгілі болады. Бұған дейін хабарланғандай, тірі қалған екі өзбек азаматы тергеу аяқталғанша Қазақстанда қалады. Олардан қылмыстық іс бойынша жауап алынбақ. Аурухананың бас дәрігері Рахымжан Арыстановтың айтуынша, шетел азаматтарын ақтөбелік прокурорлар жібермей ұстап отыр екен.

Еске салайық, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 18 қаңтар күні таңертең сағат 10:30 шамасында жолаушылар автобусы өртенген болатын. Салдарынан салонда болған 57 адамның 52-і тірідей жанып кетті. Барлығы да Өзбекстан азаматтары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары