$ 448.89  477.93  4.76

Аязда қайырымдылық жасаған қазақстандық миллионер Құдайберген Қайраттың телефонын алматылық екі жігіт ұрлап кетті (ВИДЕО)

Аязда қайырымдылық жасаған қазақстандық миллионер Құдайберген Қайраттың телефонын алматылық екі жігіт ұрлап кетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.  

«Адамдарды жақын таныған сайын, иттерді жақсы көріп кетемін», «Жақсылық жасама, жамандық көрмейсің». Осы екі мақал тура маған айтылғандай көрінеді. Осыларды дәл қазір бастан өткеріп отырмын. Бүгін үйге кеш қайттым. Екі жігіт далада тоңып такси ұстап тұрған соң, жеткізіп салайын дегенмін», – деп ол қайырымдық жасағысы келгенін жазады.

Миллионер екі жігітті діттеген жеріне жеткізеді. Кейін біраз уақыт өткен соң көліктің артқы орындығына телефонын қойғанын есіне түсіреді.

«Арт жақтағы орындықты қарасам, телефоным жоқ. 25 рет қоңырау шалдым. Жауап бермеді. Телефон дыбыссыз режимде емес еді. Осы туралы хабар берген адамға сыйақым бар», – деген миллионер артынша желіге екі жігіттің видеосын жүктеп хабарландыру жазды.

Көп ұзамай, телефонды қолды қылған жігіт табылды. Оның SIM-картаны лақтырып, ізін жасырғаны анықталды.

Қайрат Құдайберген күдіктіні көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары