$ 448.89  477.93  4.76

Полиция көлігіне дәрет сындырған ер азаматты желі қолданушылары қатты сынға алды (ВИДЕО)

Желі қолданушыларының бірі патрульдік полиция көлігінің есігіне дәрет сындырды. Видео Facebook-парақшасындағы «Кетші бар» тобына жарияланған.

Оқиғаның қашан болғаны белгісіз. Видеода ер адам әндете, еш қысылмастан көлік есігінің тұтқасына дәрет сындырады.

Бұл әрекетті оның неге жасағаны белгісіз. Бірақ желі қолданушылары ер адамның «полицейлерден мүлдем көңілі қалған» деп болжап отыр. Алайда, дәл бұлай жасау адамдыққа жатпайды деп сынағандардың қарасы көп.

«Ұятсыз», «Техникаға тиген адам адам емес, егер нағыз еркек болсаң сол адамның өзіне дәрет сындыр, «Көргенсіздік бұл, адамдық қасиет жоқ», «Жынды екен мынауың», – деп пікір қалдырды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары