$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі елдімекен тұрғындары өз депутатының түрін ұмытып қалған (ВИДЕО)

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұловтың есепті кездесуінде жарыссөзге шыққан қалалық мәслихат депутаты Талғат Әмірбековті көрген Бозарық саяжайының тұрғындары таңданыстарын жасырмады деп жазады rgmedia.kz. Олар өздері сайлап алған депутатты 2 жылдан бері көрмепті.

Сайлау кезінде уәдені үйіп-төккен Талғат Әмірбеков депутат болғаннан кейін халықты ұмытып кеткен көрінеді. Бұған Бозарық тұрғындарының өкпесі қара қазандай.

– Екі жыл болды осы аумақтан қалаға депутат болып сайланған Талғатты бүгін көрдім. Түрін ұмытып қала жаздаппын, шыны керек. Бозарықта айқай-шу болып, сондай кезде екі жыл ішінде Бозарыққа бір келуге болатын еді, Талғат айналайын. Айып етпе. Сені көргенде қайта-қайта қарап, «сол ма, сол емес пе» деп танымай қалдым, мысалы. Алдыңызға үш рет бардым. Көмекшісі отырды, қабылдаған жоқ. Ол кісі «ертең барады, ертең барады» деді. Қанша адам барды, – дейді Мүсілім Қалдаров Бозарық саяжайының тұрғыны.

Осылай деп аудан тұрғыны депутатқа деген ренішін білдірді. Ал, халық қалаулысы болса бұл жолы да уәде берумен шектелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары