$ 449.58  486.94  4.86

«Бізге қарсылардың пікіріне ... бар». Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет қайта қосылды

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов пен КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет қайта қосылды. Бұған дейін Дәурен бірінші әйелін қоя беріп, өнердегі әріптесі Ақботаның етегінен ұстап кеткен болатын. Алайда, көп ұзамай актер оны да бір баласымен қоя беріп, өзі жалғыз қалған еді.

Енді актер ақыл тоқтатса керек, Ақботамен мәңгілік бірге болатынын айтып, өзінің Instagram-парақшасына жазба қалдырды.

«Біз біргеміз, болды! Тақырыпты осымен жабайық. Бізді қолдайтындарға алғысымыз шексіз, ал бізге қарсылардың пікіріне ... бар. P.S. Осыған дейін ұзақ уақыт үндемедім, бұдан кейін де үндемеймін, өз ісімді жалғастыра беремін. Тек бір ғана мақсатым - отбасымды сақтап қалу», деп жазды Дәурен Айдарқұлов.

Еске салайық, бұған дейін Ақбота Сейтмағамбет Дәуреннен босанған баласын жалғыз өзі асырайтынын, енді онымен тек дос ретінде ғана араласатынын айтып, телеарналардың біріне сұхбат берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары